
Маңғыстаулық ер азаматтар халықаралық әйелдер күніне орай аруларға ерекше құттықтау арнады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының вице-президенті Манарбек Бисекенов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы, бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, белгілі хирург Зураб Цхадая, онкологиялық диспансердің реанимациялық бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Аманжолов, жаттықтырушы, облыс федерациясының вице-президенті дзюдо Әділ Бисенқұл, кәсіпкер Азамат Қазбек, сондай-ақ блогер Ақниет Қуантқанов аруларды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жолдады, деп жазды Қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.