Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай коммуналдық салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі нәзік жандыларға гүл шоқтарын табыстап, жылы лебізін жеткізді.
- Қала тазалығының сақталуында сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор. Таңның атысынан уақыт пен ауа райының қолайсыздығына қарамастан еңбек етіп жүргендеріңізге алғысымды айтамын. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт, табыс тілеймін, - деді қала әкімі.
Әйелдер қауымы да қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Солардың бірі 61 жастағы Сәния Жұмабаева. Ол коммуналдық салада 2012 жылдан бері қызмет атқарады.
- Осындай керемет мерекеде құттықтап жатқан Ақтау әкімдігіне алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, деді Сәния Жұмабаева.