Ақтауда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы Ақтау қаласында 10 мыңға жуық көп балалы ана бар. Жыл басынан бері 41 көпбалалы ана «Алтын алқа», ал 106 көпбалалы ана «Күміс алқаға» ие болды. Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала әкімінің орынбасары Нұртас Сали қатысып, аналарды мерекемен құттықтады
- Ана - қоғамда өзіндік орны бар тұлға. Сіздер баланы тәрбиелеумен қатар, өз салаңызда адал қызмет етіп келесіздер. Тәрбиелеп отырған балаларыңыз еліміздің дамуына үлес қосатын үлкен азамат болсын деген тілек білдіремін. Баршаңызды халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Мереке құтты болсын, деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.