Маңғыстаулық спортшылар дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Атырау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Спорттық дода бүгін басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстау өңірінің намысын «Жас Батыр» спорт мектебінің дзюдошылары 60 келі салмақта Бауыржан Нарбаев, 66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан, Рамазан Мамаев, 52 келі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова сынды спортшылар қорғайды.
Сондай-ақ, 60 келі салмақта Мерей Марханбетов, 73 келіде Асқар Нарқұлов, Рауан Салық, 81 келі салмақта Руслан Мұсаев, Мейірлан Максим, 90 келі салмақта Мирас Бақтыбай, 100 келіде Олжас Сүлейменов пен Наурызбай Бисенбек, ал 100 келіден жоғары салмақта Нұрдәулет Жарылғапов, Мұхтархан Бисенов, қыздар арасында 63 келі салмақта Айнұр Джумамурадова мен Маржан Қаналиева, ал 78 келіде Жансұлу Амандық бақ сынайды.
Жалпы, ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатыспақ.
Жарыс Атырау қаласындағы «Атырау» спорт кешенінде өтеді. Жарыс күн сайын сағат 10:00-ле басталады. Ел чемпионатын Қазақстан дзюдо федерациясының you tube желісі мен «Жас Батыр» спорт мектебінің инстаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Бүгін басталған спорттық дода 18 қарашаға дейін жалғасады.