Маңғыстау облыстық диспансері қараша айында қатерлі ісік дертінің алдын алу бойынша жұмысты жандандырады. Атап айтсақ, 14-18 қараша аралығында халық арасында өкпе обырын уақтылы анықтау үшін Ашық есік күні өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шаралар барысында өкпе қатерлі ісігі, қатерлі ісіктердің даму қаупі мен факторлары, ерте диагностика мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Диспансер мамандары түрлі науқандар, дәрістер мен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар, сондай-ақ консультативтік қабылдаулар өткізеді.
Ашық есік күні аясында диспансерге 14-18 қараша аралығында 9-00-ден 14-00-ге дейін баруға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.