Ешкі мен түйе сүтінен жасалған Маңғыстау ірімшіктері Mondial du Fromage -2023 байқауында қола және күміс медальді жеңіп алды. Түпқарағандық кәсіпкерлер Орталық Азиядағы ірімшік жасаушылардың Халықаралық Гильдиясына құрметпен және салтанатты түрде қабылданған алғашқы ірімшік жасаушылар болды. Бұл ірімшіктер енді әлемдегі жоғары сапалы ірімшіктердің қатарына енбек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Le Mondial du Fromage байқауы – кез келген елдің өндірушілері өз ірімшіктерін әлемдік қауымдастыққа ұсына алатын Еуропадағы жалғыз алаң. Түпқарағандық кәсіпкерлер түйе сүтінен жасалған ірімшіктің 4 түрін ұсынды. Айта кету керек, мұндай ірімшіктер байқауда алғаш рет көрсетілді.
Шаруашылық қазір пастерленген ешкі сүті, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады.