«Маңғыстау өңірлік электр желілік компаниясы» АҚ мамандары мекеменің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы «КС-Өзен» ПС-110/6 кв және Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылындағы «ПТБ» ПС-110/6 кв станцияларын энергетикалық жаңғырту және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 2х10 МВА трансформаторларын 2х16 МВА трансформаторларына ауыстыра отырып, «КС-өзен» ПС-110/6 кв қосалқы станциясында ЗРУ-6 кв жабық тарату құрылғыларын жаңғырту жүргізілуде. Қосалқы станция Жаңаөзен қаласының 4 ш/а орналасқан.
Жаңғырту бағдарламасы аясында қосалқы станцияда 16 МВА екі жаңа күш трансформаторларының бірі орнатылып, КРУ-6 кВ жиынтық тарату құрылғысының бір секциясын ауыстырды. Жұмыс барысында энергия объектісінде электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін мамандар май аналогтарының орнына жаңа вакуумдық ажыратқыштарды орнатты. Бұдан басқа ескірген релелік қорғау және автоматика құрылғыларының (РҚА) панельдерінің орнына «МӨЭК» АҚ энергетикасының электромеханикалық базасында жаңғыртылған цифрлық микропроцессорлық терминалдар мен тұрақты ток қалқаны орнатылды. Бұл төтенше жағдайлардың дамуына жол бермейтін энергия жүйесінің зақымдалған учаскелерін аз уақыт ішінде анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік бермек.
Бұдан басқа қосалқы станцияда «МӨЭК» АҚ өңірлік орталығының диспетчерлік жүйесіне деректерді жолдау арқылы мониторинг және басқару жүйесі көзделген. Бұл нақты уақыт режимінде жедел ақпаратты, телеөлшемдерді, коммутациялық аппараттар мен желінің жай-күйін бағалауға, сондай-ақ электр қуатын өндіру мен тұтынудың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
-Орнатылған жабдық электр желілері жұмысының тиімділігін арттыруға және кәсіпорындар мен Жаңаөзен қаласының тұрғындарының жұмысында тұрақты энергия тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жабдықтың арқасында электр қуаты 12 МВТ-қа дейін артады, осылайша қала тұрғындары электр қуатының қосымша қорын алады, - деді «МӨЭК» АҚ даму басқармасының басшысы Мұрат Иманов.
Реконструкция аясында қосалқы станцияда ескірген ғимарат орнына блок-модульдік ғимарат салынды. 16 МВА жаңа трансформатор орнатылып, ОРУ-110 кв ашық тарату құрылғыларының жабдық секциясы ауыстырылды. Сонымен қатар байланыс және телемеханика жабдықтары ауыстырылды.
Энергетиктердің айтуынша, биыл жыл соңына дейін қосалқы станцияда тағы бір 16 МВА күштік трансформатор орнатылып, ОРУ-110 кВ екінші секциясы ауыстырылады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «МӨЭК» АҚ инвестициялық бағдарлама шеңберінде өзінің энергетикалық нысандарының құрылысын белсенді жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.