Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мектеп директорларына темір тордың ар жағына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараға қатысушы директорлар камераларды аралап, тәртіптік изолятор мен серуендеу аймағын көрді. Қамаудағылардың жай-күйін кешті.
“Шараны ұйымдастырудың мақсаты - құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз қызметін адал атқаруына ықпал ету. Мектеп директорлары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды,” - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Бұған дейін тергеу изоляторына 200-ге жуық әкімдік қызметкері, қаржы мамандары, квазимемлекеттік сектор басшылары келіп үлгерген.