Маңғыстау полицейлері Құлсары қаласынан көшірілгендерге қызметтік көлікпен ілесіп жүріп, діттеген жеріне аман-есен жеткізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Сондай-ақ, полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы күшейтілген қызмет атқарып жатыр. Әр аумаққа бекітілген қызметкерлерден бөлек, учаскелік полиция инспекторлары жауапты аймақтарын күнделікті патрульдейді, - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жатақханалар мен мектептер алдындағы көлік кептелісінің алдын алып жатыр.