Ресейдің Магадан қаласында өткен халықаралық “Сүйек ою “ қолөнер көрмесіне қатысқан маңғыстаулық шебер Алдаберген Тіленбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Бейнеу ауданы Сарға ауылындағы орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Алдаберген Тіленбаевтың ерекше бұйымдары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ол биыл Маңғыстау өңірлік “ Қазақстанның ең үздік тауары-2023” сайысында жүлдегер атанып, республикалық байқауға жолдама алған еді.
Аталған байқау Магандандағы сынмен қатар келгендіктен оған Алдабергеннің қолынан шыққан әдемі сүйек бұйымдарын інісі Айзат Тіленбаев алып барды.
Ерекше шеберлікті қажет ететін қолөнер иесіне ұлттық құндылығымызды әлемге танытуды басты парызы деп санайды. Ол алда ел ішіндегі өзге де ауқымды көрмелерге қатысуды көздеп отыр.