Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаев қолдау қаржыны кәсібін жаңа бастаған немесе жеке бизнесін тіркегенге 3 жыл толмаған кәсіпкерлерге бір рет қана берілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
- Грант кәсіпкерлерге бірнеше жылдан бері көрсетіліп келеді. Ал, биыл оның шарттары өзгерді. Былтыр грантқа 29 жасқа дейінгі жастар өтінім берсе, биыл жасқа байланысты шектеу алынып тасталды, дейді Пікір Сансызбаев.
Грантқа 60-тан астам бағыт бойынша өтінім беруге болады. Ішінде маңызды бағыттары мынадай: агроөнеркәсіп, жиһаз өндірісі мен жеңілөнеркәсіп, құрылыс жабдықтарымен метал емес минералдық өнімдер шығару, металлургия, метал өңдеу және машина құрылысы, транпорт, туризм, ақпарат және байланыс, жеке немесе жалға алынңған жылжымайтын мүлікті басқару, кәсіптік, ғылыми және техникалық бағыт, көлікті жалға не уақытша беру, лизинг бағыты, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала, өнер, демалыс және көңіл көтеру, басқа да қызмет көрсету саласы.
Өтінім беру жолдары:
- Kezekte.kz сайтына ЭЦҚ кілті арқылы өтіп, өтінім толтыру;
- Несие тарихыңызға мән беру. Егер уақыты өткен берешектер болса, не несиелік тарихыңыз таза болмаса өтінім қабылданбайды;
- Өтінім толтыру барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кездегі, мекемедегі жұмысшылар саны туралы анықтама;
- Жеке кәсіпкерлік шотыңызда өз қаражатыңыздан қаржыландыру талап етіледі. Бұл анықтаманы сіздің жеке кәсібіңізге қызмет көрсететін банктен аласыз.
- Ескерте кететіні, жүктелетін барлық құжаттар ПДФ форматында болуы қажет.
Өтінім қабылданған жағдайда, конкурстық комиссия алдында бизнес-жобаңызды қорғайсыз. Конкурстан өткеніңіз жөнінде kezekte.kz сайтынан 5 жұмыс күні ішінде біле аласыз.
Грантқа өтінім қабылдау туралы хабарландыру 15 күн қалғанда Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ресми парақшаларында жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүгінуге болады. @mangystau.business немесе төмендегі байланыс нөмірлері арқылы ақпарат білуге болады: 8 (7292) 46-25-50, 8-776-544-94-65