Басқұдық ауылындағы №14 мектеп оқушысы Айсымбат Сисенбай халықаралық «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» байқауының бас жүлдесін иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айсымбат байқауда дәстүрлі ән номинациясы бойынша халық әні «Сәулем-айды» орындаған. Кең диапазонды дауыс, шебер дайындық және әнді өте жақсы орындағаны үшін бас жүлдеге лайықты деп танылған. Жеңімпаз енді байқаудың Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде өтетін конкурсына қатысады.
Талантты бүлдіршін Мұнайлы аудандық Фариза Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінде "Жас екпін" дәстүрлі ән үйірмесінде оқиды.Бұған дейін де түрлі байқаулардан жүлделі орындарды алып жүр.