"AMANAT” партиясы "Жастар рухы" жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының бір топ белсенді жастары Атырау облысына барып, қол көмегін көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Абзал Мараттың бастамасымен барған жастар бөгет салуға атсалысып, су соруға қажетті техникаларын тасып, жұмыс талғамай, білек сыбана кірісті.
Бұған дейін "AMANAT” партиясы "Жастар рухы" жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы Жылыой ауданынан эвакуцияланған тұрғындарға "Біз біргеміз" қоғамдық қорының қолдауымен Бейнеу ауданына 22 тонна азық-түлік жіберген. Ал кеше Боранқұл ауылына 7 тонна азық-түлік, мектеп құралдары мен гигиеналық заттар жөнелтті.