2024 жылдың бірінші тоқсанында Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 1,1 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 14% жоғары, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Портта 24 мың тонна астық пен 20 мың тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиелді.
- Теңіз айлағы 7,4 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) контейнерді өңдеді, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 33% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 6,4 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 85% - ға өсті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.