Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында пойыздарды жаңа жылдық стильде безендіреді. Бүгін Астанадан Бурабай курортына № 7507/7508 безендірілген жаңа жылдық электр пойызы бірінші рейске аттанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік пойыз оқушылардың жаңа жылдық демалыс аяқталған уақытқа дейін жүреді.
Биыл тағы төрт бағыт бойынша жаңа жылдық пойыздар қатынайды. Олардың ішінде:
* №4/3 «Астана-Нұрлы жол-Алматы»
* №77/78 «Алматы-Маңғыстау»
* №45/46 «Павлодар-Түркістан»
* №38/37 «Маңғыстау-Семей».
Вагондардың жолсеріктері Жаңа жылдың басты ертегі кейіпкерлері-Аяз Ата мен Ақшақар бейнесінде осы пойыздардың жолаушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтар табыстайды. Сондай-ақ кішкентай жолаушылар тілектері мен хаттарын вагондарда орнатылған пошта жәшігі арқылы Аяз Атаға жібере алады.