© Ria.ru
2,3 жастағы қыздың анасы балабақшада қызын жуындырған кезде ыстық сумен күйдіріп алды деп шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Маған түскі астан кейін балабақшадан қоңырау соғып, баланы жуындырғанда кезде аяғы қызарып қалды деп кешірім сұрады. Алайда, кешке жолдасым баланы әкетуге барғанда, жағдайдың басқаша екенін көрген. Біз баланы алып травматологқа бардық. Дәрігер 2 дәрежелі күйік, дененің 7 пайызы күйгені туралы қорытынды жасады.
Күйген жері күлдіреп тұр, сол аяғы да күйген. Балабақшада балаларды қолғаппен жуындырады екен. Мен ата-аналарға балабақшаны таңдаған уақытта мұқият болсын деп айтқым келеді", - деді анасы.
Редакция облыстық білім басқармасынан осы оқиғаға қатысты түсініктеме күтеді.