7 шағынаудан 29 үй тұрғындары жертөлеге сорғылар орнатылғаннан кейін бұл үйде тұру мүмкін еместігін айтады. Шу дыбысы тіпті құлаққаппен де естіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған үй тұрғындары сорғылардың шуын өшіру үшін шұғыл шара қолдануды талап етіп отыр.
"Бұл дыбыс адамды есінен адастырады! Пәтерден зауыттағы машинаның шуындай дауыс шығады? Құлаққап та көмектеспейді ғой! Әсем Жұмабайқызы, СЭС бөлімі, өтініш, шара қолданыңыз! Төтенше жағдайлар департаменті, осы мәселені назарға алып, әрекет етіңіздер! Әкімдік! Бұл психологиялық азаптау ғой. Бұл шу үйдегі жылу сорғыларынан шығып жатыр. Осы дыбыстан үй ішіндегі жиһаздар мен еден де дірілдейді. Дауысы 5-қабаттағы үйлерге дейін жетіп тұр. Ал мен 1-қабатта тұрамын, осы дыбыстан тіпті ұйықтамадым», - деп жазды тұрғын.
Редакция тұрғынның бұл шағымына қатысты құзырлылы органдардан жауап күтеді.