"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері "Жабайұшқан" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына рейдтік іс-шара жүргізді. Нәтижесінде Тойота пикап Хайлюкс және Тойота ланд крузер автокөліктері тоқтатылып, Жаңаөзен қаласының 3 азаматы ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Автокөліктерді тексеру барысында 1 дана аңшы мылтығы, 1 дана аңшы пышағы, 1 дана фонарик, 24 дана 12 калибрлі оқ-дәрілер және автокөліктедің жүк салғышынан 2 дана қоян табылды. Ұсталған азаматтар мен тәркіленген заттар Маңғыстау аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тиісті хаттама толтырылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қарумен жүруге тыйым салынатынын ескертеміз, - деді "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауов.