Соғыс ардагері Асан Аймағамбетов 99 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Асан Аймағамбетов 1925 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 17 жасында соғысқа аттанған. Ол бір айдай пулеметші-атқыштар курсынан өтіп, Воронеж майданының 21-армиясы құрамында Белгород қаласын жаудан тазарту айқастарына жіберілген.
Молдавияны, Польшаны босату үшін шайқасқа қатысып, Берлинге дейін жетті. Жауынгерлік еңбегі үшін ол ІІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Берлинді алғаны үшін» және «1941-1945 жылдардағы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.