Шектеу 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының нашарлауына (көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі) байланысты енгізілді. Жолаушылар автобусы мен дизельді қозғалтқышпен жабдықталған автомобильдер қозғалысы Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде шектелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазавтожолға сілтеме жасап.
- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 338-705км, Бейнеу уч. с.-Жетібай ауылы.
- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 705-786км, уч. с. Жетібай-Ақтау қаласы.
- «Жетібай-Жаңаөзен-кендір-гр.Түрікменстан» 0-58км, Жетібай уч. с.-Жаңаөзен қ.
- «Ақтау-Құрық» 13-72км, Ақтау қаласы-Құрық ауылы (автокөліктің барлық түрлеріне шектеу).