Ақтауда түнгі кезекшілікте және таңертең жолдарға 36 текше метр құм және 58 тонна тұз аралас қоспа себілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтауда «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте және таңертең жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстарға 102 жұмысшы, 6 жүргізуші, 3 Маз құм шашқыш (пескоразбрасыватель), 1 құм сепкіш трактор (пескотресс), 1 тиегіш (погрузчик), 6 газель, 1 Зил (самосвал), 1 бойлер және 10 мотопомпа жұмылдырылды.
36 текше метр құм мен 58 тонна тұз аралас қоспа мына мекен-жайлар бойынша себілді:
- «Ақбота» саябағының маңы(спуск, подъем);
- №5 автомобиль жолы, «Ақбота» - «Каспий» стадион жолы;
- №21 және №16 автомобиль жол қиылысы(спуск);
- №8 автомобиль жолы, айналма жолы;
- №7 автомобиль жолы, «Три короны» маңы;
- 15 ш/а «Самал Резиденция» маңындағы жол (спуск, подъем);
- 14 және 15 ш/а аралығы;
-№14 автомобиль жолы, «Ренессанс» ҚҮ;
- 26 ш/а, облыстық аурухана (приемный покой);
- 21 автожолы, «Асар-С» маңындағы жол (спуск);
- 34 ш/а, «Ана мен бала» маңындағы жол.
-№20 автомобиль жолы;
-№25 автомобиль жолы;
-№24 автожолы, айналма жол, жаяу жүргіншілер жолдары;
- «Бәйтерек» с/о, айналма жол;
- №29 автомобиль жолы;
- №18 автомобиль жолы;
- 22 шағын аудан, Базар маңындағы айналма жол;
- №14 автомобиль жолы, Нурас АЗС ;
- Ақтау-Әуежай жолы;
- - №15 автомобиль жолы, аялдамалар;
- 7 автожолы, жаяу жүргінші жолдары;
- №18 автомобиль жолы, жаяу жүргінші жолдар;
- №3 автожолы, аялдамалар
- № 24 және №15 автомобиль жол қиылысы.