11 желтоқсан таңғы сағат 5:18 шамасында 101 кезекші пультіне 4 шағынаудан 9 үй мекен-жайы бойынша 7-қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнына екінші рангті шақырту бойынша құтқарушылар жіберілді.
- Бұл үйдің жетінші қабатындағы пәтер балконында өрт шыққан. Көппәтерлі үйден барлығы 84 адам (оның 13-і – бала) қауіпсіз жерге баспалдақ арқылы шығарылды. Өрт шыққан пәтердің ауданы – 30 шаршы метр. Пәтер толықтай өртеніп кеткен, ал өрт 06:23-те оқшауландырылып, 06:34-те толықтай өшірілді,- делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиғаға Төтенше жағдайлар департаментінен 37 жеке құрам, 5 бірлік АЦ техника, 2 вахтовка, 1 бронта, 1 уаз және Апат медициналық орталықтан 1 бірлік техника мен 3 қызметкер жұмылдырылды.