«Мағаш нан» кәсіпорнының мамандары соңғы үлгідегі технологиялық желілердің жұмысын көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпорынға арнайы бас сұққан Ербол Ізбергенов зауыт қызметкерлерімен сұхбат құрып, еңбек жағдайымен танысты. Елдегі ірі нан комбинаттарының бірінде 240 адам еңбек етеді. Зауытта ұннан дайындалатын кондитерлік, нан және макарон өнімдерінің 200-ден астам түрі өндіріледі.
-Барлық өнімдер осы зауытта жасалады. Сонымен қоса біздер халықты әлеуметтік нанмен қамтып отырмыз. Өнім бағасы қолжетімді болғанымен, сапасы жоғары. Бізде ХАССП жүйесі бойынша технологиялық үдерістердің сапасы, яғни азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі бақыланады,- деді зауыт директоры Мағауия Сауғабаев.