ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері Бибігүл Ағыбаева, Азиза Шөжешова және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова «Ақбөбек» балалар демалыс лагерінің жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, балалардың интеллектуалды, эмоционалды, шығармашылық, физикалық және басқада жан-жақты дамуы, жазғы демалыс мезгілін сапалы әрі естен кетпес қызықты сәттерін ұйымдастыру үшін орталықтың мамандары арнайы министрліктің тұжырымдамасын және өңір спецификациясына негізделген орталықтың өзіндік методикасы қонақтарға таныстырған. Сондай-ақ, демалушы балалардың өнерлері және «Жаңаөзен Жастары» педагогикалық отрядының жұмыс жоспарымен таныстырылған.
«Қазіргі таңда ІІ ауысымда 300-ге жуық бала демалуда, жаз бойы 6 ауысымда 2000-ге жуық бала демалады деп жоспарланып отыр. Қонақтар жұмыс барысында балалардың жатын бөлмелерін, теңіз жағалауындағы арнайы балалардың қауіпсіздік шараларын, үйірме залдарын, спорт зал, концерттік залдың жұмыстары мен қоса балалардың күнделікті тамақтану орындары мен ас мәзірлерімен танысты», - деп жазылған білім басқармасының хабарламасында.