• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Маңғыстаудағы жағалау шамшырақтарына күрделі жөндеу қажет

[ 2023 ] 24 қараша, 19:07  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстау түбегінде теңіз жағалауы бойынша бес шамшырақ (маяк) бар. Олардың ішінде ең ежелгісінің салынғанына биыл 172 жыл толып отыр. Алайда олардың барлығы қайта жасау мен күрделі жөндеуді талап етеді екен. Аталған орындардың кейбіріне жөндеу жұмыстары басталғанымен, сот ісінің басталуына байланысты әзірге аяқталмай тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Ақтаудағы шамшырақтың әлемдегі ешқандай баламасы жоқ. «Меловой» деген атау алған. Оның салынғанына жарты ғасырданастам уақыт өтсе де дүние жүзіндегі ерекше шамшырақ деп танылып отыр. Себебі, ол көпқабатты үйдің шатырында орнатылған. Қырық жылдан астам уақыт бойы оның жарығын күн сайын уақытпен қосатын. Шамшырақ «көзі» саналған шамның күші 1000 Вт, ал оған бекітілген электр қозғалтқышы шамды тұрақты айналдырып, алыстан жарықтың көзге түсуін қамтамасыз етіп тұрған-тын. Қызылды-жасылды жарық теңіз жағасынан 30 шақырым қашықтықтықта дейін көрінеді. Онда жақтың ақ түсі өту секторының қауіпсіз екенін білдісе, қызық түсі қауіптен хабар берді. Бұл орын стратегиясын нысан ретінде шекара қызметінің иелігінде болып, кейін қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті. Ал тоқсаныншы жылдары күрдері жөндеуді қажет етіп, 2000-шы жылы біржола істен шықты. Егемендік мерекесіне 30 жыл толған уақытта шамшырақты қайта демеушілер есебінен қалпына келтіріп, ескірген жарық оптикалық жабдықтарды диоттық шамдарға ауыстырған еді.

Шамшырақ орналасқан Ақтаудағы үйдің шатыр әлдеқашан жарамсыз болып қалғаны тұрғындар тарапынан жиі айтылып жүр. Себебі, одан су өтіп, қазір сол үйде тұратын тұрғындарына қолайсыздық тудырып отырған көрінеді. Жаңбыр суы пәтерлерге, үйдің дәліздеріне, лифтінің шахтасына үнемі ағады. Сонымен бірге, плитада жарықтар пайда болғаны бөлек әңгіме.

Бұл үйдің шатырын жөндеу оңай болмайын деп тұр. Себебі, шамшырақ орналасқан орын стратегиялық әрі маңызды нысан. Аталған шамшырақ тұрған үйдің оныншы қабатында ілулі сымдар көп әрі қабырға мен төбеден су аққан сайын сапасына нұқсан келтіріп жатыр.

"Шамшырақты әкімдіктің меншігіне беру процесімен негізінен қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айналысады. Әзірге ол біздің иелігімізде емес. Соған қарамастан біз оны қабылдауға дайынбыз. Қорғаныс министрлігі алдымен облыстық қаржы басқармасына нысанды қабылдау туралы өтінішпен хат жіберді. Ал басқарма оны қалалық ТКШ бөліміне жолдады. Яғни, қазір әкімдік иелігіне беру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ қала әкімдігі тек шамшырақты немесе шатырмен бірге иелікке қабылдайтыы туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз", - деді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің есебінде қала тұрғындарының бірі осы үй төбесіндегі шамшырақтың алдағы жағдайы туралы сұрақ қойған еді. Сол кезде әкімдік өкілдері үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізуді, ал шамшырақтың орнында панорамалық лифтісі бар туристік орын жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізген болатын.

Қалған екі шамшырақ тарихи және мәдени ескерткіштер ретінде танылып отыр. Бұл 1851 жылы салынған төменгі және жоғарғы Түпқараған шамшырақтары. Оның төменгі бөлігі Баутино ауылының шығыс шетінде орналасса, ал жоғарғы жағы Форт-Шевченко қаласынан 10 шақырым жерден орын тепкен. Өткен жылы Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы шамшырақтарды әкімдік иелігіне бергенге дейін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге қатысты конкурс өткізді. 2022 жылдың мамыр айында олар келісімшарт жасасты, жұмыстар екі жылға бөлінді.

"2022 жылы төменгі Түпқараған шамшырағының шатыры ауыстырылды. Терезе мен есік жақтаулары жөнделді. Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді және іштегі пештер жөнделді. "Жоғарғы Түпқараған шамшырағы" нысанында мердігер мекеме ішкі әрлеу жұмыстарын, еден мен терезе блоктарын жөндеуді, айналаға қарайтын алаңды сырлауды, шамшырақтағы тұрғын үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарын, едендерді жөндеуді және шатырды ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Екі орындағы қалған ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылға жоспарланған болаты. Өткен жылы аталғаннысандар Баутин ауылы мен Форт-Шевченко қаласының әкімдіктеріне балансқа берілді", - деп жазылған Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының өкілдері берген жауапта.

Алайда, 2023 жылдың басында қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан компания сотқа жүгінді. Олар тарихи-мәдени қорықтан сараптама жүргізуді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ғылыми-жобалық құжаттамаға түзетулер енгізуді талап етті. Бірақ сот бұл талапты қанағаттандырудан бас тартқан болатын.

"Компаниялар бас тартты. Өйткені ғылыми-жобалық құжаттама ведомстводан тыс сараптамадан өтпейді. Ал оған түзетулер енгізу негізсіз. Заңды күшіне енген соттың шешіміне және қорықтың ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, компания шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауға кіріспеді. Сондықтан қорық қазір сот ісін жүргізіп жатқан екі талап бойынша арыз берді. Біз серіктестікті нашар жұмыс істейтіндер тізіліміне қосуды, шарттарды бұзуды, сондай-ақ өсімпұлдарды өндіріп алуды талап етеміз", - деді қорықтың мамандары.

Бүгінгі таңда аталған екі шамшырақтың ешқайсысы жұмыс істемейді. Түпқараған ауданының әкімдігі оларды іске қосу мәселесі жөндеу және сот талқылаулары аяқталғаннан кейін ғана шешілетінін атады.

Тағы бір шамшырақ құммен аттас мүйісте орналасқан. Ол 2023 жылы Мұнайлы аудандық мәдениет бөлімінің балансына берілді. Жоғары сегіз қырлы темірбетон мұнарасы 1956 жылы салынған. Бұл нысан әлі де жұмыс істеп тұр. Ол 19 миль қашықтықтағы бейтарап аумақта орналасқан шетелдік кемелерге белгі береді. «Песчаный» шамшырағы тарихи-мәдени мұра ретінде танылып, алдын-ала есепке алу тізіміне енген. Оны мемлекеттің қорғауына алу туралы ұсыныс жасалып, мақұлданғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қарастырылады", - деді Мұнайлы ауданының әкімдігіндегілер.

Бесінші шамшырақ - "Қызылөзен" атауын алған. Ол жақын жерде орналасқан ауылмен аттас. Бұл шамшырақ ХХ ғасырдың орта шенінде бой көтеріп, басқаларымен салыстырғанда ол аласалау болып отыр. Маяк әлі күнге дейін навигациялық мақсатта тұрақты қолданылып келеді. Ол сондай-ақ тарихи-мәдени мұра ретінде танылып, алайда әлі күнге дейін мемлекет қорғауындағы ескерткіштер тізіміне енгізілмей тұр.

Аталған шамшырақтардың барлығын туризм саласындағы мамандардың пікірінше, адамдар үшін тамаша орынға айналдыруға болады. Кейбіреулер Маңғыстау облысының барлық бес шамшырағын арнайы туристік маршрут құруға болатынын айтады және сол арқылы аталған орындар танымал бола түсетініне бек сенімді.

Ольга Золотых

413
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда жасөспірімдер итті қорлады

Келесі жаңалық

Маңғыстауда еріктілер қозғалысы қарқын алып келеді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4426

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4585

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4230

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3533

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3559

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4502

    Рубрикалар

      БейнеуРедакция туралыРухани жаңғыруӘдебиетКомплаенсҚарақияҚұқықСпортҚазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2256

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2966

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1019

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1081

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2947

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1072

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»