Әлеуметтік желіге балалардың итті қорлап жатқан видеосы таралды. Оқиға Ақтаудағы теңіз жағалауында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Жағалаудағы иттер ашулы болды. Түнгі сағат 01.15-те кәмелетке толмаған бір топ бала жолдың арғы бетінен жүгіріп өтті. Олар итті ұстап, тұншықтырып өлтіре бастады, ал қалғандары оны тепкілеп, ұрған. Мұны көрген қызыл күртешедегі ұлым итті құтқаруға жүгірді. Балалар болса, ұлыма ұрысты. Ал мені камерамен көргенде, балағат сөздер айтып, жолдың арғы бетіне жүгіріп кетті, - деп жазады видео авторы.
Редакция Маңғыстау облыстық полиция департаментінен пікір күтуде.