Маңғыстауда тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды және кедендік төлемдерді, кедендік бақылау жүргізу тәртібін белгіленеді. Бұл туралы брифингте Теңіз порт бекетінің жетекші маманы Ұлболсын Суекенова айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде кеден органдары мен тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын регламенттеуді қамтитын айрықша юрисдикцияға ҚР ие болатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінде (ҚР аумағында) қатынастарды реттеу танылады.
- Аталған тақырыпқа байланысты Декларант дегеніміз - тауарларды декларациялайтын не өзінің атынан тауарлар декларацияланатын тұлға. Кедендік транзит - тауарлар елдің екі кеден органы және елдер арасындағы кедендік бақылаумен, яғни көлікте, жүктер мен жолаушыларды аралық аумақтар арқылы бір жерден екінші жерге тасымалдау, тауарлардың еркін қозғалысына мүмкіндік беретін процедура. Сонымен қатар, ҚР кедендік реттеу туралы ҚР-ның Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі Қаулы етеді: 2023 жыл 2 тамыздан бастап №631 ҚР Үкіметі қаулысы бойынша кедендік алымдар мөлшерлері бекітілді. Осыған байланысты осы жылғы айлық есептік көрсеткіш 3692 кедендік алымдар үшін 6 АЕК. Сондықтанда кедендік алымдар үшін 22 152 тенге алынады, - деді Ұлболсын Суекенова.