Қазанның 5-10 аралығында облысымызда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында азаматтық қару иелері тұрғылықтары мекенжайлары бойынша тексерілуде, олардың заңнама талаптарын сақтау қағидалары басты назарда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ЖПІШ барысында атыс қаруын заңсыз айналымнан алуға, жергілікті мал және фермерлік шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында қару, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау деректерін анықтап, жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
- Заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған жағдайда азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады,- делінген ПД хабарламасында.