Маңғыстауда бүгін және ертеңгі күні республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірлік полиция департаменті хабарлағандай, акция барысында азаматтар өз мәселесін көтеріп, сұрақ қойып, полиция қызметкерлері тарапынан жауап ала алады.
«Әкімшілік полиция, көші-қон қызметі және жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығы сіздердің сауалдарыңызға жауап беретін болады. Сондай-ақ, @mangistaupd парақшасында тікелей эфир өтеді», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, акция 16-17 тамыз күндері сағат 10:00-ден 18:00 аралығында Ақтау қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өтеді.