Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Ақтау қаласының тұрғындары Әбіш Кекілбайұлы атындағы мұражайының аумағына 200-ге жуық ағаш отырғызды.
Аймақ басшысы отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етті. Қариялар ақ батасын берді. Нұрлан Ноғаев акцияның басталуы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келгенін және облыс көлемінде жалғасатынын атап өтті.
Санитарлық тазалау, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары 29 сәуірге дейін жалғасатын болады.
– Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты аудандарда да абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - дейді Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мәлік Әбдіқадыров.