Акция аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 42 мыңнан астам балаға әлеуметтік көмек көрсетілмек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Биыл Маңғыстау облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасымен 1 балаға 50 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Бүгінгі таңда аталған санаттағы 4 500-ден астам баланың шотына қаржы аударылды.
Сонымен қатар меценатар, демеушілер, мекемелер тарапынан қайырымдылық акциялар өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.