© kvadriga-eco.ru
Ақтауда 5-10 тамыз аралығында "Металл" жедел-алдын алу шаралары өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық ІІБ қызметкерлері металл ұрлығының алдын алу, жолын кесу, бұрын тіркелген металл ұрлығының бетін ашуға бағытталған іс-шара барысында арнайы рейдтер ұйымдастырып, түсті металды қабылдау пункттерін тексерді.
Рейд барысында полицейлер қабылдау пункттерінің иелеріне әдейі ұрланған мүлікті сатып алғаны үшін жауапкершілік ескертулер беріп, ұрланған металл бұйымдарын қайтару туралы хабарлады.