Маңғыстау облысында жаңажылдық мейрам қарсаңында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты polisia.kz сілтеме жасап.
Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1000-нан астам полиция күшейтілген қызмет түріне жұмылдырылды. Тәулік бойы қарқынды қызмет атқарудың нәтижесінде жаңа жыл түнінде облыста, яғни Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған және Қарақия аудандарында ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Сондай-ақ 102 кезекші арнасына да бірде-бір шақырту келіп түспеді.
Ал Ақтау, Жаңаөзен қалаларында полиция қызметкерлері 200-ден астам шақырту мен хабарлама қабылдап, жедел әрекет етті.
Ел күзетінде жүрген сақшылар өз қызметін күшейтілген режимде жалғастыруда. Жаңа жыл түні оқыс оқиға болмады. Өткізілген іс-шаралар полицияның жіті бақылауында болды.