Жаңа жыл түні облыста 12 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа жылдың бірінші түнінде облыстық ана мен бала орталығында бес ұл, үш қыз дүниеге келген. Ал Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында 3 қыз, 1 ұл туған.
Перинаталдық орталық мамандарының айтуынша, барлық нәресте мен ананың жағдайы - жақсы.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы орында тұр.