Маңғыстауда үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс салушылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қолданыстағы заңнаманы айналып өту үшін жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау, резервтеу, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру шарттары-төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болады.
* ЖК «Шамуратов Ж.» - ТҮК «AlemTowers» - 17 шағынауданы, уч. №98, 98/1
* «Интерьер Строй Актау» - ТҮК «Мурагер» ЖШС Өндірістік аймақ №8, уч. №5/1
* «Grand Stroy AST» ЖШС - ТҮК «Самгау» - 19А шағынауданы, уч. №32
* «Сабырбаев С.Т.» ЖК - ТҮК «Бозжыра» - 16ш/а, уч. №8
* «Берекет-Ф» ЖШС - ТҮК «Crystal City» 19 ш/а , уч. №12
* «BAZALT LTD» ЖШС - ТҮК «Del Marmo» - 14 ш/а, №59 ғимарат
* «Интерьер Строй Актау» ЖШС ТҮК «Султан» 20 ш/а, уч. №3/1
* ЖСК «Aktau Towers» ТҮК «Aktau Towers» 12 ш/а, уч. №84/2
* ЖСК «Birlik House» Тұрғын үй 29А ш/а, уч. №142/1
* Жумасилов А.Т. Тұрғын үй 29А ш/а, уч. №101
* «Нур-Али» ЖШС ТҮК «Назым» 32В ш/а, уч. №86
* «BIGS-груп сервис» ЖШС - Тұрғын үй 20 ш/а, уч. №43
* «Garden Group Building» ЖШС - ТҮК «Grand Avenue 2» 28 ш/а, уч. №75
* «Корпорация КСМ» ЖШС - ТҮК «Акжайык-2» 17 ш/а, уч. №28
* ЖК «Сейдалиева Г.А.» Тұрғын үй - 30 ш/а, уч. №158
* «Capital Active» ЖШС ТҮК «Кыран» 33 ш/а, уч. №1/2
* ЖК «Табилов Б.Т.», ЖК «Боранбаев Н.Б.» - ТҮК «Кереге» 17 ш/а, уч. №87/4
* «Tetis Construction» ЖШС ТҮК «Керуен» 16 ш/а, уч. №15/1
* ЖСК «MANSUR KUAT» ТҮК «Кербез» 20 ш/а, уч. №1
* ЖК «Сабырбаев С.Т.» ТҮК «Морской Бриз» Приморский ТҮМ, Лазурная к., уч. №60
* ЖК «Камалов А.Б.» ТҮК «Мунара»Өндірістік аймақ №9, уч. №38
* ЖК «Байкулов О.Б.» Тұрғын үй Өндірістік аймақ №9, уч. №39/7
* «КомпанияСтройАльянс» ЖШС - Тұрғын үй Приморский-1 ТҮМ, уч. №30
* «Нур-Али» ЖШС - ТҮК «Империя»28 мкр, уч. №68/3
* «Аштар Строй» ЖШС - Тұрғын үй - 6 ш/а, уч. №57
* ЖК «Сугиралиев К.О.» ТҮК «Beknur Deluxe» 19 ш/а, уч. №115
* «Интерьер Строй Актау» ЖШС ТҮК «Орлеу» 19ш/а , уч. №107
* «Q-Tehno» ЖШС Тұрғын үй 9 ш/а, уч. №17/1
* Шуренов М.А. - Тұрғын үй - 31Б ш/а, уч. №3/4
* «Интерьер Строй Актау» ЖШС - ТҮК «Аккала» 29А ш/а, уч. №76
* Жубанова А. - Тұрғын үй 29А ш/а, уч. №47
* Тилевмухамбетов А.Я. - Тұрғын үй - 12ш/а , уч. №11/1
* «Бейсенгалиев И.С.» ЖШС - Тұрғын үй - 34А ш/а, уч. №4
Жаңаөзен қаласы бойынша:
* ЖК «Урдабаева А.У.» - Тұрғын үй - Шұғыла шағынауданы, уч. №10А
* ЖК «Сабырбаев С.Т.» - Тұрғын үй - Шаңырақ шағынауданы, уч. №3Г
- Қаражатыңызды сақтау үшін әкімдік сақ болуды сұрайды және құрылысты жүргізуге рұқсаты жоқ тұрғын үйді сатып алудан бас тартқан жөн,-деді Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Қуандық Аманқосұлы.
2023 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша өңірдегі 6 құрылыс компаниясы лицензиядан айырылды. Бес мекеме құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиядан өз еркімен бас тартты. Бір техникалық қадағалау компаниясын аккредиттеу күші жойылды. Екі кәсіпорынның техникалық қадағалау сарапшыларының қызметі 6 айға тоқтатылды. Сот 4 коммерциялық нысанды бұзу туралы шешім шығарды. 4 құрылыс жобасына берілген оң сараптаманың күші жойылды.