Мұнайлы ауданы, Баянды ауылының тұрғыны Нұрлан Жүнбасов «Қарақия-Қаракөл» қаумалының кезекші инспекторларына сирек кездесетін Қарабай құсының ұша алмай жүргенін хабарлаған, - деп жазады mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық ОШЖД аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының «Қарақия-Қаракөл» қаумалының қызметкерлері Қарабай құсын Қаракөл көліне әкеліп, жіберген. Қорық ұжымы табиғат жанашыры Нұрлан Жүнбасовқа бұл әрекеті үшін ерекше алғыс айтты.
Қарабай құсы – еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Дереккөздерге сүйенсек, ескекаяқты қанаттылар тобына жататын Қарабай құсы бұрын Арал теңізі мен Торғай су алаптарында және Балқаш маңындағы қамысты жерлерге ұя салған. Қазіргі күні бұл құс тек Солтүстік Каспий маңын мекендейді.