14 мамырда Ақтауда “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова МО мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары, кәсіподақ мүшелері және қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуге Ақтөбе облысы филиалының төрайымы Назира Табелдинова да қатысты.
С. Иманқұлова кездесуде Қоғамдық бірлестіктің рөлі, мәдениет және спорт саласындағы шешімін тапқан бірқатар мәселелер, қолжеткізген жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы айтып, бірнеше қызметкерлерді марапаттап, кездесуге қатысушылардан түскен сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.
Сонымен қатар, Қоғамдық бірлестіктің Маңғыстау облысы филиалының жаңа төрайымы Шара Чуакованы кәсіподақ мүшелеріне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Ә.Байпақовпен әріптестікті дамыту жайында сұқбатпен жалғасып, «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының «Менің құқығым» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысумен аяқталды.