25-26 шілде күндері Маңғыстау облыстық ҚАЖ департаменті мен облыстық спорт басқармасы бірлесе отырып сотталғандар арасында жазғы спартакида ұйымдастырды. Іс-шараны басқарма басшысының орынбасары Берді Елжанов пен №77 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Азат Шабиков салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Мұндай спартакиада ойындарының мақсаты сотталғандардың физикалық денсаулығын нығайту, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, тәртіптерін сақтап, бос уақыттарын тиімді өткізу боп табылады, - деп атап өтті мекеме басшылығы.
Қол күрес, гір көтеру, асық ойнау, ләңгі тебу, арқан тарту, т.б. ойын түрлерін қамтыған спартакиадада жазасын өтеушілер өз бақтарын сынап, әрқайсысы қарсыласынан асып түсуге тырысты. Сондай-ақ, сотталғандардың арасында командалық рухты, бірлік пен достықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Азат Шабиков спартакиада жеңімпаздарын алғыс хаттар пен медальдармен марапаттап, спорт басқармасына алғысын білдірді.