Ақтауда 19 шағынауданда бір топ мас адам жаға жыртысып, төбелескен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиғаны сол тұстан өтіп бара жатқан куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған.
Әлеуметтік желі қолданушылары 19 шағынаудандағы осы тұрғын үйдің жертөлесіндегі сыраханадан адамдар ылғи мас болып шығып, шу шығаратынын айтты.
«Кешке қарай өте қауіпті. Сырахананың дәл жанында балалардың ойын алаңқайы бар. Балалар ойнап жүреді», - дейді желі оқырмандары.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті жанжалға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады.
«Қазір бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.