Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының жасөспірімі каратэ шинкиокушинкайдан Жапония елінің астанасы Токиода өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, алтын жүлде иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Dream Cup» халықаралық турнирінде көк туымызды желбіретіп, жарыста жеңімпаз атанған «Ақшұқыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшысы Дильназ Бекбатырованы жақындары мен жанашырлары әуежайдан қуанышты көңіл күймен күтіп алды.