Белгілі қазақстандық блогер Серғазы Тоқтарбек Маңғыстау облысына арнайы келіп, Жаңаөзен қаласына аялдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сека» лақап есімімен танымал блогер мұнайшылар қаласының көрінісімен танысып, көпшілікпен жүздесті. Алғашқы сапарында ол шаһар жастарына қолдау көрсетіп, қала тазалығына атсалысып жатқан тұрғындарға қолғабыс етіп, “Таза Қазақстан” акциясына қатысты.
Сондай-ақ, блогер әлеуметтік желідегі парақшасында қала тарихы туралы деректі жариялап, өңірге сапары туралы бейнероликті оқырмандарына ұсынды.
Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” акциясына маңғыстаулықтар белсенді үлес қосып жатыр.