Маңғыстау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай» республикалық тас жолында “КамАЗ” көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге «Nobilis Corp» ЖШС мекемесінен 5 өрт сөндіруші, 4 қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаның салдары мен материалдық шығын туралы мәліметтер әзірге хабарл анбайды.