Мамандандырылған Маңғыстау облысының ауданаралық әкімшілік сотында зейнеткердің Жаңаөзен және Ақтау қалаларының әкімдіктеріне тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі іс-қимылдарды заңсыз деп тану туралы талап-арызы қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында зейнеткердің пәтері тұруға жарамсыз деп танылғаны анықталды.
Жаңаөзен қаласының әкімдігі зейнеткердің пәтеріне апатты, тұру үшін қауіпті жағдайда болуына байланысты меншік құқығын тоқтату туралы сотқа жүгінді. Сот шешімімен зейнеткердің аталған пәтерге меншік құқығы тоқтатылды.
Бірақ заң бойынша зейнеткерге сот шешімі негізінде оның меншік құқығынан шығуына және коммуналдық меншікке өтуіне байланысты басқа пәтер берілуі керек еді.
Алайда, пәтер осы уақытқа дейін берілмеген, сонымен қатар пәтерге кезекке қойылмаған. Зейнеткер пәтерді тұрғылықты жерінен беруді өтінді. Алайда оған Ақтауда жалға берілетін пәтер ұсынған, ол негізсіз себептермен бас тартқан. Нәтижесінде зейнеткер баспанасыз қалып, сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
Сот заң талаптары мен әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, зейнеткердің бұзылған құқықтарын қорғай отырып, әкімдіктің тұрғын үй бөлуден бас тартуын заңсыз деп тану туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.