© Sputnik.kz
Жаңаөзен оқушылары шаңды дауыл салдарынан үйден оқитын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігініңң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Білім беру мекемелеріндегі сабақтар қашықтықтан оқытылады және азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.
25 сәуірде Жаңаөзенді шаңды дауыл басқан еді. «Қазгидромет» хабарлауынша, облыста шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.