Шілде айында Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында атмосфералық құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, биыл жылдағыға қарағанда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайған.
Биыл мына аймақтарда атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтіліп отыр.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтындажарияланды. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.