Ақтауда VIII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс VIII сессиясы өтті. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға сәйкес сессия барысында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық сайлау комиссиясының құрамына жеті саяси партияның өкілдері кірді. Сайлау комиссиясының мүшелері партиялардың келесі өкілдері болды:
- Елубай Әбілов "Ауыл"халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
- Жармағанбет Айтуаров "AMANAT" партиясынан;
- Кәмшат Ізбасарова Жалпыұлттық Социал-демократиялық партиядан;
- Гүлжан Исмурзина Қазақстан Халық партиясынан;
- Ізбасар Орынбеков "Respublica"партиясынан;
- Сәбит Сейдалиев "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясынан;
- Наурыз Ахаев "Байтақ" партиясынан.
Барлық кандидат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңында көзделген арнайы рәсімдерден сәтті өтті. Сауалдар ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ облыстың полиция департаментіне арнайы рәсімдерді орындау бойынша жолданып, оң қорытындылар алынды. Мәслихат депутаттары сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды бірауыздан қолдап, бекітті.
- Бүгінгі сессияның құрметті қатысушылары, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды шараларды қарау және қабылдау шеңберінде азаматтар сайлаған өкіл депутаттар баға жетпес рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған азаматтық қоғамды нығайтуға және халықты шешімдер қабылдауға белсенді қосуға бағытталған бастамалар қазіргі уақытта табысты іске асырылуда, - деді Нұрлан Ноғаев.