
Ақтауда «Ана мен бала-2011» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 150 балаға арналған салтанатты жиын өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шырша мерекесіне келген кішкентай қонақтарға арнайы фуршет ұйымдастырылған. Бұдан бөлек кеш барысында балалар жаңа жылдық шоу тамашалады.
«Біздің мақсатымыз – әр балаға қуаныш сыйлау. Мереке қарсаңында балалар да, олардың ата-аналары да қуанып қалды. Бүгінгі мерекелік жиынға келген балаларға Аяз ата қоржынынан түрлі тәттілер үлестірілді»,- деді мерекелік кешті ұйымдастырған жеке кәсіпкер Даметкен Шакенова.
Сондай-ақ кеш барысында балалар да өз өнерлерін көрсетіп, көңіл көтерді. Мерекелік іс-шара соңында әр балаларға тәттілерден жасалған сыйлықтар табысталды.