Өңірдегі мектептерді ыстық тамақпен қамтуға байланысты қауымдастық құрылмақ. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Аналар кеңесі, “Маңғыстау” жергілікті бастамалар орталығы қоғамдық қоры бірігіп мектептерде берілетін ыстық тамаққа қатысты талқылау-кеңес ұйымдастырды. Оған мектеп асханасына қызмет көрсететін кәсіпкерлер, білім басқармасы өкілдері, ата-аналар қатысты.
Жиын барысында мектеп асханаларындағы тазалық, тамақтың сапасы, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан ұсынылып, белгіленген сома сынды мәселелер талқыға түсті.
“Маңғыстау” жергілікті бастамалар орталығы қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Махамбетованың айтуынша, мұндай сұхбат алаңдарынан соң нақты нәтиже болуы қажет.
Жиын соңында тараптар мектеп асханасында тамаққа жауапты кәсіпкерлерден қауымдастық құруға шешім қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тағы толықтыруға уәде беріп тарқасты.
Еске сала кетйік, елімізде 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақпен қамтылмақ. Бұл туралы елдің бас ұстазы Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты.