Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы оқу жылында мектеп асханаларына жоспардан тыс 5 тексеру жүргізген. Оқушылардың тамағына жауаптыларға 1 670 490 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал мектеп асханаларының өздеріне сот шешімімен 60 375 теңге айыппұл салынды.
– Прокуратураның талабы бойынша 4 асхана тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алынды. Сондай-ақ олар ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша азық-түлік сапасына тексеру ұйымдастырды, деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.
Енді айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.