Әлеуметтік-экологиялық қор (ЭҚҚ) мен «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі Қазақстанда жоспарланып отырған атом электр станциясының құрылысы бойынша халықпен консультативтік кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынды.
Осыған байланысты ӘЭҚ сарапшылармен бірлесіп, Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының әлеуметтік және экологиялық аспектілерін ашық қоғамдық талқылауға бастамашылық етуде. Біз мүдделі қоғам өкілдерін, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, денсаулық сақтау, су ресурстары және қауіпті өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жергілікті мамандарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми топтарды, жастар мен әйелдер ұйымдарын, мемлекеттік органдарды, мәслихат депутаттарын, Қоғамдық кеңес мүшелерін шақырамыз, делінген хабарламада.
Консультативтік кездесу Ақтау қаласы, 1Б шағын ауданы, 8/3 «Керемет» мейрамханасы 1 қабат банкет залында өткізіледі.
Күні мен уақыты: 2024 жыл 19 ақпан, 15:00-17:00.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 706 413 4970 (тек Whatsapp)